Қаң 25, 2020 14:44 Asia/Almaty
  • 6,8 балдық зілзала Түркияның шығысын сілкіндірді

Жұма күні кешке Түркияның шығысында Рихтер бағамы бойынша магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды.

Parstoday ақпарат агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі сағат 21:00 Элязыг провинциясындағы Сивридже қаласы маңында жер астында 7 км тереңдікте болды. Түркияның медициналық қызметтерінің мәліметінше, осы кезге дейін 19 адам қаза тауып, 772 адам жарақат алды, сондай-ақ 30 адам әлі табылмай жатыр.

Жер сілкінісі бола салысымен Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған елінің шығысындағы зілзаладан зардап шеккендерге көмектесуді талап етіп,  жағдайды бақылауға алды. Сенбі күні таңертеңнен бері кейбір мемлекеттер, соның ішінде Иран жедел көмек көрсетуге дайын екенін жариялады. Иранның Денсаулық министрі Саид Намаки елінің Жедел көмек қызметіне Түркияға аттануға дайын болуды бұйырды.

 

 

Сараптама