Қаң 25, 2020 20:53 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак халықтарының үстемдікке қарсы күресі – тарихтың үлкен сабағын қайталау

Ирактың миллиондаған халқы шеруге шығып, АҚШ-тың Вашингтон әскерилерін шығару заңын іске асырған жағдайда бұл елге қарсы санкция салу қоқан-лоққысының өз тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауды мақсат ететін үкіметтер мен халықтардың ерік-жігеріне әсер ете алмайтын құрал екенін көрсетті.


Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің  хатшысы Әли Шамхани жұма күні Ирактың әйгілі ғұламалары, Үкіметі, Мәжілісі мен халқына қаратып шығарған мәлімдемесінде АҚШ-тың басқыншылығына қарсылық білдіріп, Ирактың ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін қолдаған миллиондаған халық қатысқан шеруді мадақтауымен бірге бұл әрекетті Ирак халқының АҚШ-ты  аймақтан шығару үдерісін бастауының белгісі деп атады.

Батыс Азия аймағы өз тарихында көптеген құлдыраулар мен шарықтаулардан өтіп, отаршылардың іріткі салу саясаттарынан ХХІ ғасырдағы  билеп-төстеушіліктің жаңа кезеңін бастан өткерді. Ирак халқының тағдыры да осы тарихи тәжірибелердің тоғысында қалыптасты. Америкалықтар 2003 жылы Иракты басып алған соң көп қаржы жұмсап, күрделі жобаларын іске асырды. Олардың бұл бағыттағы алғашқы қадамы уақытша коалициялық үкіметті АҚШ-пен белгілеген Пол Бремердің басқаруы болды. Ол 2003 жылдың 11 мамырынан 2004 жылдың 28 маусымына дейін Иракты басқарды. Сол кезден бері АҚШ мәдени-қоғамдық және әскери араласу жобаларын іске асырып келеді. Расында, АҚШ-тың үлкен қателігі - аймақ халықтарының революциялық көңіл-күйін елемеуінде. Америкалықтар сан рет халықтардың тарихы мен олардың күрестерін дұрыс түсінбейтіні мен хабарсыздықтың олардың әлсіздігінің себебі екенін анықтады. Ирак халқы күресінің тарихы да бұл негізден өзгеше емес. Өткенге жасаған шолу бірінші Дүниежүзілік соғыс ағымында Британия Осман империясының бақылауында болған Иракты өз отарына айналдырға талпынғаны бірақ британиялық күштердің аяқ басуымен Наджаф пен Кербалада өмір сүретін әйгілі ғұламалардың пәтуасымен отаршыларға қарсы аймақтың бірінші көтерілісі басталып, Ирактың түкпір-түкпіріндегі көтерілістермен   кеңейгенін көрсетті. 1920 жылы Ирак халқы діни патуалар бойынша әрекет жасап, елдегі Британия әскерилерінің орналасуына қарсы көтерілді. Бұл көтеріліс британиялықтардың Ирактан шығуына жеткізді. Бүгін тарих басқа түрде қайталанып отыр. Бұл жолы халық британиялықтардың орнына АҚШ-қа қарсы көтерілді. Осы кезде АҚШ үшін аймақта бөгделер үшін орын жоқ деген сабақ қайталануда. Ирак Парламентінің АҚШ әскерилерін елден шығару шешімінен кейін бір айдан аз уақыт өткенімен Ирак халқы екінші рет көтеріліп, жұма күнгі  Бағдадта миллиондаған халқының қатысуымен өткен шеруде әлемдіктерге АҚШ-қа жиіркеніш білдіретінін  жеткізді.  

 

 

Сараптама