Ақп 13, 2020 13:35 Asia/Almaty
  • Иран сионистердің кез-келген жөнсіз шарасына қатаң жауап береді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Сионистік режимнің Иранның Сирия мен аймақтағы мүдделеріне қарсы кез-келген басқыншылығы мен жөнсіз шарасына қатаң әрі өкінтерлік жауап беріледі»,-деді.

Сейіт Аббас Мусави сионистік режимнің бір қайраткерінің уәждері мен қоқан-лоққыларына реакциясында: «Бұл режимнің өткен 70 жылдағы болмысы Палестина мен көрші елдердің жерлерін басып алу, қырып-жою, талан-таражға салу, террор мен басып-жаншуға негізделді»,-деді.

Мусави: «Иран Сирияда осы ел үкіметінің шақыруымен және өзара келісіммен АҚШ пен Израиль қолдап отырған лаңкестікпен күресу үшін қызмет атқарып жатыр. Иран Сирияда қалып, өзінің аймақтық мүдделері мен ұлттық қауіпсіздігін қорғауда бір сәтке де кідірмейді»,-деді.  

Мусави: «Иран Құдсты басып алған режимнің соғысқұмар сөздері мен қоқан-лоққыларын халықаралық инстанцияларда қарастыратын болады»,-деді.

Сионистік режимнің Соғыс министрі Нафтали Беннет Иранға қарсы негізсіз уәждерін қайталап: «Тель-Авив Иранды әлсірету арқылы бұл елді Сириядан шығуға мәжбүрлеуге талпынып жатыр»,-деді.

Тегтер

Сараптама