Ақп 14, 2020 18:42 Asia/Almaty

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солейманидің шәһид болғанына байланысты берген сұхбатында: "Шәһид қажы Қасым Солеймани қиын күндердің батыры болды",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла: "Сардар Солеймани тек бір әскери қолбасшы болған жоқ, ол саяси-қауіпсіздік мәселелердің барлығынан хабардар еді",-деп еске салды.

Сейіт Хасан Насролла қажы Қасым мектебінің Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) мектебінен шыққанын айтып: "Қарсыласу қозғалысының топтары оның жолы, тәсілі мен мектебін ұстанып, істі бар күш-қуаттарымен одан ары ілгерілетеді",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы қажы Қасым Солеймани мен Ирактың "Хашд әш-Шааби" халықтық күштері қолбасшысының орынбасары Абу Маһди әл-Мұһандестің шәһид болуының қарсыласу қозғалысының тамырларына қан жүгірткенін айтып: "Барлық жерде, соның ішінде  Палестина, Ливан, Сирия, Ирак, Йемен мен Ауғанстанда қажы Қасымды табуға болады",-деді.

Сараптама