Ақп 14, 2020 21:01 Asia/Almaty

Сауд режимінің екі жоғары лауазымды тұлғасының Иран мен АҚШ-тың "Ғасыр мәмілесі" жобасы туралы ұстанымы көрсеткендей, кейбір араб режимдері АҚШ пен Израиль режиміне бұл жобаны орындауға және Батыс Азия аймағында өзгерістер жасауға қолдау көрсетіп отыр.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр бейсенбі күні: "Трамптың "Ғасыр мәмілесі" жобасының оңды тұстары бар. Бұл келіссөзге негіз бола алады",-деп уәж айтты.  

Сауд Арабиясының Сыртқы істер кеңесші-министрі Фейсал бен Фурхан бұл күндері арабтардың Израильмен қарым-қатынасының келісімге негізделгенін айтып: "Иран – бәріміздің дұшпанымыз",-деді.

Бұл екі ұстаным кейбір араб режимдерінің, әсіресе Сауд режимінің сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруды қалайтынын көрсетеді. Ал Израиль – Батыс Азия аймағы елдерінің басты жауы.

Палестинаға қарсы "Ғасыр мәмілесі" жобасын орындау үдерісіндегі ең маңызды мәселе –  кейбір араб режимдерін осы жобаға жақтасуға көндіру. Сонда келесі қадамда АҚШ Президенті Дональд Трамптың Батыс Азия аймағындағы мақсаттары орындалады.  

Иран мен қарсыласу қозғалысы – Батыс Азия аймағында америкалық-еврей-араб қастандықтары мен жобаларына қарсы тұратын екі мықты бөгет. Сол себепті америкалықтар саяси және жарнамалық шаралар арқылы аймақтың жағдайын өз мүдделеріне қарай өзгертуге тырысуда.  

Осы арада америкалықтар "Ғасыр мәмілесі" жобасы аясында Иранды дұшпан ретінде, ал сионистік режимді Батыс Азия аймағы елдерінің досы ретінде таныстыруға күш салуда. Сөйтіп ақпараттық кеңістік тудыру арқылы "Ғасыр мәмілесінде" белгіленген мақсаттарды ілгерілетуді көздеп отыр.

Осындай жағдайда қоғамдық пікірді "Ғасыр мәмілесі" жобасынан хабардар ету қажет. Өйткені Иранның Палестина мәселесінің шынайы демеушісі ретінде өткен 70 жыл ішінде палестиналықтардың құқықтарын сақтау үшін жан аяп қалмағанын бәрі біледі.

АҚШ тарапынан "Ғасыр мәмілесі" жобасы таныстырылғаннан кейін Иран Палестина мен арабқа қарсы бұл жоба орындалмауы үшін ислам және араб елдерімен кез-келген сатыда келіссөз өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Аббас Мусави Иранның "Ғасыр қастандығымен" күресу үшін ислам елдерімен кез-келген сатыда әріптестік жасауға дайын екенін айтып: "Ғасыр мәмілесінің" артында үлкен бір қастандық бар",-деді.

"Ғасыр мәмілесі" жобасы Палестина территориясынан тыс мақсаттарды көздеп, басқа да араб аймақтарын нысанаға алып отыр. Бұл саладағы кез-келген кідіріс араб елдері, әсіресе Сауд режиміне зор зиян тигізеді. Ал бұл режим біліп-білмей Трамп белгілеген бағытпен жүріп барады.  

Тегтер

Сараптама