Ақп 25, 2020 19:02 Asia/Almaty
  • Газада атыс тоқтату туралы келісім жасалды

БАҚ-тардың хабарлауынша, Газа секторында Палестина қарсыласу ағымы мен сионистік режим арасында атысты тоқтату туралы келісім жасалғанын хабарлады.

 

Ливанның Al Mayadeen арнасының сейсенбі күнгі мәліметінше,  Палестинаның қарсыласу ағымының қарамағындағы көздері  атысты тоқтату туралы келісім дүйсенбі күні кешке жергілікті уақыт бойынша 23:30 іске асырылды.

Sky News арнасы да атысты тоқтату Мысырдың   және БҰҰ бақылауымен болғанын хабарлады. Газадағы жағдай жексенбі күні сионистік күштер Газа шекарасы қоршауының жанында палестиналық жігітті өлтіріп, Газадағы палестиналық қарсыласу күштері жауап ретінде басып алынған жерлерге 20-дан астам зымыран атқаннан кейін шиеленісе түсті. Сионистік режим сондай-ақ кеше дүйсенбі таңертең  Сириядағы Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Сарая әл-Кудс әскери бөлімінің позициясына шабуыл жасап, оның екі мүшесін өлтірді. Палестинаның қарсыласу ағым дүйсенбі кешке Израиль режимінің қылмыстарына жауап қайтарып, бірқатар сионистік қалашықтарды зымырандық нысанаға алды.

 

Тегтер

Сараптама