Нау 09, 2020 19:28 Asia/Almaty
  • Шамхани: Ирак халқы бөгделердің елде болып, олар үшін шешім қабылдауын қажет етпейді

ИИР-ның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы жексенбі күні Бағдадта Ирак Президенті Бархам Салехпен кездесуінде: «Ирак халқы өзінің мақсат-мүддесін анықтай алады, сондықтан бөгделердің елде болып, олар үшін шешім қабылдауын қажет етпейді»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Шамхани осы кездесуде  Иранның барлық салаларда Ирак халқының ерік-жігері, тәуелсіздігі мен егемендігін қолдайтынын айтып, саяси топтар және діни-этностық фракциялардың қатысуымен Ирак халқының талап-тілегі негізінде құрылған үкіметтің тез арада ел басқаруды қолға алатынына үміт білдірді.  

Бархам Салех осы кездесуде ИИР-ның ауыр кезеңдерде Ирактың досы әрі серіктесі болып келе жатқанын айтып: «Ирак халқының Иран үкіметі мен халқына алғысы зор»,-деді.  

Кездесу соңында тараптар Иран пен Ирактың коронавируспен бірлесе күресу қажеттігін қуаттады.

Сараптама