Нау 14, 2020 16:33 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насролла: Коронавирусқа қарсы күресте Трамп ең үлкен өтірікші

Ливан Хизболласының Бас хатшысы жұма күні сөйлеген сөзінде: «Коронавирусқа қарсы күресте АҚШ Президенті Дональд Трамп пен оның тобы ең үлкен өтірікшілер»,- деді.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Хасан Насролла АҚШ үкіметінің бұл елде коронавирусқа шалдыққандар мен оның салдарынан қаза тапқандардың саның жасыруларына тоқталып: «Трамп пен оның үкіметі АҚШ-тағы коронавирустың таралуының салдарының қатерін маңызды емес көрсетуге талпынуда»,- деп қосты. Ливан Хизболласының Бас хатшысы АҚШ басшыларының Вашингтонның Иранға коронавируспен күресуі үшін көмек жіберуге дайын екені туралы уәждеріне назар аудартып: «Иран коронавирусқа қарсы тұру үшін АҚШ көмегін қажет етпейді. АҚШ Иранға қарсы залым санкцияларын тоқтатуы керек»,- деп баса айтты.

 

Тегтер

Сараптама