Нау 22, 2020 14:56 Asia/Almaty
  • Хание: АҚШ-ың санкциялары – зұлымдық

Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың саяси бюросының басшысы сенбі күні ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын айыптады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Исмаил Хание АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын айыптап: «Бұл санкциялар зорлық-зомбылық және олардың күші жойылуы керек»,- деп қуаттады. Хание сондай-ақ Палестина халқының Иранның коронавирусқа қарсыласуына тілектестігін жариялады.  Зариф Газа секторының қоршауын тоқтатып, коронавирус қоқан-лоққы көрсетіп отырған жағдайда, сионистік режимнің түрмесіндегі палестиналықтарды босатуды талап етті.

Ресей Сыртқы істер министрлігі сенбі күні Ирандағы коронавирустың таралуына байланысты бұл елге  қарсы АҚШ-тың быржақты санкцияларын тоқтатуды талап етті.

 

Сараптама