Сәу 01, 2020 18:45 Asia/Almaty

SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейсені күні кешке Сирия әуе-қорғаныс күштерінің сионистік режимнің зымырандық шабуылына қарсы тұрғанын хабарлады.

Tasnim ақпарат агенттігінің SANA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Сирия армиясының әуе-қорғаныс күштері осы елдің орталығы Хомс облысының көгінде бірнеше зымыранды жойды.  

SANA-ның хабарлауынша, сионистік режимнің қырғи ұшақтары зымырандарды Ливанның көгінен Сирияның Хомс облысындағы әскери базаларының біріне қарай атты.

Сионистік режим әрдайым лаңкестерге қолдау көрсету үшін Сирия армиясының позициялары мен инфрақұрылымдарын нысанаға алады.

Израиль лаңкестердің Сирияда толығымен жеңілгеніне қатты алаңдап отыр.

Сараптама