Сәу 10, 2020 18:03 Asia/Almaty
  • Раиси: Газа – әлемдегі ең ірі зындан

ИИР Жоғары сотының басшысы бейсенбі күні кешке телефон арқылы Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен сұхбатта коронавирустың таралуына байланысты сионистік режимнің түрмелерінде жатқан палестиналық тұтқындардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп: «Сионистер әлемдегі ең үлкен зынданды Газа секторында жасады»,-деді.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла сейіт Ибрахим Раиси Дүниежүзілік мақұрымдар күніне орай болған телефон арқылы сұхбатта Шағбан күнін мұсылмандар мен барша адамзат үшін үміт күні деп атап,  Ислам пайғамбарына тиесілі (с.ғ.с.) осы ұлы күн мен шағбан айының берекесі арқасында жуырда Палестинаның азат етілетініне үміт білдірді.

Хания телефон арқылы сұхбатта аятолла Раисидің хабарласқанына алғыс айтып, Ислам революциясының жетекшісі мен Иран халқының Палестина халқы мен Газа секторын қолдауына алғыс білдірді. Қолдауды Иран халқының ояу ұжданы мен қырағылығының белгісі деп атап, сионистерді толық жеңгенге дейін қарсыласу қозғалысын жалғастыру қажеттігін қуаттады.  

 

Сараптама