Maм 21, 2020 19:35 Asia/Almaty
  • Түркия әуе рейстерін бастау мерзімін кейінге шегерді

Turkish Airlines компаниясы ішкі-сыртқы рейстерді қайта ашу мерзімін кейінге шегерді.

Түркияның TRT арнасының хабарлауынша, Түркия әуе жолдары компаниясының директорлар кеңесінің басшысы Илкер Айджи: «Түркия әуе жолдарының ішкі рейстері 4 маусымнан, халықаралық рейстері 10 маусымнан қайта басталады»,-деді.

Turkish Airlines компаниясы бұдан бұрын  ішкі-сыртқы рейстерін 28 мамырға дейін тоқтатқанын жариялаған болатын.  

Түркияда коронавирус таралғаннан кейін әуе рейстері тоқтатылуымен қатар, басқа да шаралар атқарылды. Соның ішінде биылғы оқу жылында білім беру орталықтарының жабылуы және Ораза айтына байланысты 4 күн демалыс пен карантин жариялануын айтуға болады.

 

Тегтер

Сараптама