Maм 23, 2020 14:34 Asia/Almaty

Almayadeen ақпарат арнасының мәліметінше, Сейед Хасан Насролла жұма күні Дүниежүзілік Құдс күніне байланысты сөйлеген сөзінде сионистік режимнің заңсыз режим, сыбайлас жемқорлық орталығы, шапқыншы әрі «обыр» ісігі екенін, сондықтан жойылуы қажеттігін қуаттап: «Палестинаның бүкіл жері – Палестина халқының меншігі, сондықтан иелеріне қайтарылуы керек»,- деді.

Сейед Хасан Насролла Палестинаны азат ететін жолды қарсыласу жолы деп атап: «Қарсыласу – Палестина жері мен құндылықтарын азат ететін жалғыз жол. Одан басқа жолдар – уақытты босқа кетіру»,- деді. Ол қарсыласу ағымы мен Израильге қарсы әрекеттердегі Иранның рөліне тоқталып: «Иран қарсыласу ағымы орталығында болғандықтан, америкалықтардың шабуылдары мен әрекеттерінің нысанасына алынып отыр»,- деді.

 

 

Тегтер

Сараптама