Maм 25, 2020 16:23 Asia/Almaty
  • Ердоған: Құдс – әлем мұсылмандарының

Түркия Президенті жексенбі күні кешке Ораза айтқа орай жолдауында Құдстың әлем мұсылмандарының "қызыл сызығы" екенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Режеп Тайып Ердоған сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бірнеше ауданды басып алған жерлерге қосу жобасын сынап: «Түркия ешқашан палестиналық жерлердің басып алынуын қабылдамайды»,‑деді.

Ердоған Израильдің палестиналық жерлерді басып алу арқылы палестиналықтардың құқықтары мен халықаралық заңдарды бұзып отырғанын айтып,  сионистік режимнің басқыншылық әрекеттерін қатаң сынады.

Сионистік режим Премьер‑министрі Беньямин Нетаньяху жуырда: «Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бірнеше ауданды басып алған жерлерге қосу жобасы алдағы бірнеше айда орындалады»,‑деп мәлімдеді.  

Бұл тақырып – АҚШ Президенті Дональд Трамптың  2020 жылдың 28 қаңтарында тұсауын кескен «Ғасыр мәмілесі» атты нәсілшіл жоба баптарының бірі.

 

Сараптама