Maм 31, 2020 16:58 Asia/Almaty
  • Хафтар күштер Ливияның солтүстігінде Түркияның 3 ұшқышсыз ұшағын жойды

Генерал Хафтар күштері Ливияның солтүстік-батысында Түркияның 3 ұшқышсыз ұшағының жойылғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал Халифа Хафтар басқаратын «Ливия ұлттық армиясы» деп аталатын күштер сенбі күні, 30 мамырда әуе күшерінің көмегімен Ливияның солтүстік-батысындағы Мисурата облысының Бәни-Вәлид қаласына жақын жерде Түркияның 3 ұшқышсыз ұшағын құлатқанын хабарлады.  

Өткен күндері Хафтар күштерінің ақпарат өкілі Халед Маһджуб Түркияның 7 ұшқышсыз ұшағын жойғанын айтқан болатын.  

Түркия өткен алты айда Ливияның Ұлттық бірлік үкіметімен бірнеше экономикалық және қауіпсіздік келісіміне қол қойып, генерал Хафтар күштерімен соғыста осы үкіметке әскери қолдау көрсетеді.

Генерал Хафтар күштері 2019 жылдың сәуір айынан бастап Сауд Арабиясы, Мысыр мен БАӘ-нің қолдауымен Фаез әл-Серадждың басқаруындағы Ливия Ұлттық бірлік үкіметінің қол астындағы осы елдің астанасы Триполиге шабуыл жасады, бірақ сәтсіздікке ұшырады.

 

.

Сараптама