Маусым 01, 2020 18:52 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Құдста палестиналықтардың сауда орталықтарын бұзуды көздеп отыр

Сионистік режим Құдс қаласының ортасындағы палестиналықтарға тиесілі 200 сауда және өнеркәсіп орнын бұзуды мақсат етіп отыр.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Құдс қаласының Сауда және өнеркәсіп палатасының басшысы Камал Обайдат жексенбі күні: «Құдс әкімшілігі сионистік режимнің жоспарлау комитетінің келісімімен жылдың аяғына дейін Құдс қаласының Вади ул-Джаур ауданындағы сауда және өнеркәсіп орындарын бұзуды көздеп отыр.

Сионистік режимнің осы шешімінің мақсаты – Құдс қаласында палестиналықтарға тиесілі жалғыз өнеркәсіп ауданын бақылауға алу және қаланың болмысын өзгертуге талпыныс аясында оны яһудилендіру»,-деп қуаттады.

 

 

Тегтер

Сараптама