Шіл 08, 2020 19:48 Asia/Almaty

Ливан Хизболласының Бас хатшысы сейсенбі кешке ИИР-ның өткен онжылдықтардағы АҚШ-тың залым санкцияларына қарсыласуын мадақтады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Хасан Насролла өз сөзінде Иранның экономикалық үлгісіне таңданып: «Бұл үлгі ИИР-ның 40 жыл бойы АҚШ пен оның одақтастарының заңсыз санкцияларына қарсы тұруына көмектесті»,- деді. Ливан Хизболласының Бас хатшысы   Иранның көптеген маңызды салаларда, соның ішінде ғарыш саласында маңызды жетістіктерге жеткенін және азық-түлік, бензин, дизель және электр энергиясын өндіруде өзін-өзі қамтамасыз ете алғанына тоқталып, Иранның даму және өндіріс үлгісіне назар аудару қажеттілігін қуаттады. Сейед Хасан Насролла иранның Ливанға бұл елдің ұлттық ақшасына (лира) мұнай өнімдерін сатуға дайын екеніне назар аудартып: «Иранның бұл шешімі үлкен жанкештілік»,- деп қуаттады.

 

Сараптама