Там 06, 2020 18:52 Asia/Almaty
  • Бейрут жарылысына реакциялар

Сейсенбі күні кешке Бейрутте болған жарылыстан 137 адам қаза тауып, 5 мыңға жуық адам жараланды. Алайда құрбан болғандар саны артуы ықтимал.

Бейрут жарылысы адам шығынымен қоса, орасан зор экономикалық зиян тигізді.

Әлем елдерінің Бейрут жарылысына қатысты қатынасы екіге бөлінеді. Елдердің басым бөлігі осы оқиғаға қатысты адами қатынас көрсетіп, Ливанға көмектесуді басты басымдық санап отыр. Иран, Ирак, Катар, Ресей мен Сирия сияқты елдер Бейрут жарылысына толығымен адами көзқарас білдіріп, тіпті гуманитарлық көмектерін Бейрут әуежайына жеткізіп үлгерді. Ирактың Мұнай министрі Ехсан Абдулджаббар Исмаил да Бейрут әуежайында:  «Бауырларымызға көмектесу үшін бір медициналық топты бастап Ливанға келдім. Ирак Премьер-министрінің бұйрығымен мұнай тиеген керуендер құрлық арқылы Ливанға қарай жол тартты»,-деді.

Осы адами көзқарасқа керісінше, кейбір елдер Бейрут жарылысын саяси мақсатта пайдалануға күш салып жатыр. Алдымен АҚШ Президенті Дональд Трамп Бейрут жарылысын саяси мақсатта пайдаланды.  Трамп сәрсенбі күні таңертең баспасөз конференциясында Бейрут жарылысын бомбаның жарылуынан туындауы мүмкін қорқынышты шабуыл деп атады. Ал бұл жағдайда Ливан үкіметі жарылыстың себебін жарылғыш химиялық заттар қоймасында қауіпсіздік нормалары сақтамау деп жариялады.

Сауд Арабиясы Бейрут жарылысын саяси мақсатта пайдалануда тіпті АҚШ-тан асып түсті. Сауд әулеті Ливанға көмектесуге дайын екенін жариялағанымен, эр-Рияд, Дубай мен Бейруттегі осы әулетке тиесілі БАҚ өкілдері болған оқиғаға Хизбулланы кінәлады. Әл-Арабия мен әл-Хадс атты екі арна оқиғаның алғашқы сәттерінен-ақ: «Бастапқы мәліметтер бойынша, жарылыс Бейрут айлағындағы Хизбулланың оқ-дәрі қоймасында орын алды»,-деп уәж айтты. Бұл уәж жарылыстың Бейрут қаласының оңтүстігінде емес, Хизбуллаға мүлде қатысы жоқ ауданда орын алған жағдайында айтылды.

Сионистік режим Бейрут жарылысы туралы үнсіз қалды. Алайда Кнессеттің бұрынғы өкілі әрі Ұлтшылдар партияның басшысы Моше Филин Бейрутте жойқын жарылыс болғанына қуаныш білдіріп, өзінің жеке парақшасында Бейрут жарылысын еврейлердің атаулы күндері қарсаңында орын алған «көзтартар отшашу» деп сипаттады.

Хизбуллаға қарсылардың Бейрут жарылысын саяси мақсатта пайдалануы әлемдік деңгейде теріс реакцияға ұшырады.

Ливандағы Ресей елшісі Александр Зацепин Бейрут жарылысын саяси мақсатта пайдалануға реакция білдіріп: «Қандай жағдай болса да, мыңдаған адам зардап шеккен оқиғадан саяси пайда іздеп, қауесет таратудың қажеті жоқ»,-деп еске салды.

Сауд Арабиясына тиесілі ақпарат құралдарының уәждеріне әлеуметтік желілердегі араб қолданушылар жауап берді. Олар Твиттерде саудиялықтардың уәждеріне күмән тудырып, мұны Бейрут оқиғасынан «жемтік жеу» деп атады.  

Сараптама