Там 07, 2020 18:27 Asia/Almaty
  • Рухани: Ливан халқы сабыр мен бірлігін сақтай отырып, осы ащы оқиғадан өтеді

ИИР Президенті бейсенбі күні Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сұхбатында Ливан үкіметі мен халқына көңіл айтумен бірге: «Бейрут айлағының жарылысы ирандықтарға да ауыр тиді. Иран халқы Ливан халқының қайғысына ортақ»,-деді.

Хасан Рухани: «Иран Сыртқы істер министрі, Денсаулық сақтау министрі және Қызыл жарты ай қоғамының басшысы өздерінің ливандық әріптестерімен байланыста болып, бауырлас Ливан халқының қажеттіліктеріне жылдам жауап беріп, көмек беріп тұруға міндеттелді»,-деді.  

Ливан Президенті Мишель Аун осы сұхбатта Иран халқы мен үкіметіне Бейрут жарылысына қатысты реакциясы үшін ризалық білдіріп: «Ливан халқы Иран үкіметі мен халқының махаббаты мен шынайы көңілін әрдайым сезініп келеді, сондықтан алғысы шексіз»,-деді.  

Сараптама