Там 10, 2020 22:08 Asia/Almaty
  • Ливандағы бүлік– батысшылдардың Диаб үкіметіне қарсы ылаңы

Бейрут жарылысы Ливанда тағы да халықтық шерулердің туындауына себеп болды. Наразылықтардың осы кезеңінде ливандық шерушілер әртүрлі министрліктердің ғимараттарына шабуыл жасау арқылы осы орталықтарды қиратумен бірге ғимараттарды басқаруды өз қолдарына алуға тырысты.

Ливан өткен аптаның дүйсенбі күнінен бастап Насиф Хитти Сыртқы істер министрі қызметінен отставкаға кеткенінен кейін саяси текетірестің жаңа кезеңіне аяқ басты. Мезгілінен бұрын елдің жаңа Сыртқы істер министрін таныстыру Хитти отставкасының Ливанның саяси сахнасына әсер етуіне кедергі болды, бірақ 24 сағаттан аз уақыттың ішінде Бейрутте жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан осы күнге дейін 160-қа жуық адам көз жұмып, 6 мыңнан аса адам жараланып, 60-қа жуық адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Бұл жарылыс Ливанда ғана емес, бүкіл Батыс Азия аймағындағы ең ірі жарылыс болды. Кейбіреулер оны әлемдегі ядролық емес ең ірі жарылыс санайды.

Ливан үкіметі жарылысқа жауаптыларға қатысты тексеріс жүргізуге бұйрық берді. Үкіметтің бұл оқиғаның орын алуына еш қатысы болмаса да және әлгі қойманың болуында ешқандай рөлі болмаса да, жарылыс үкіметке қарсы қатігездік пен бүлікке толы наразылықтардың жаңа кезеңінің қалыптасуына себеп боды.

Ливан Кеден басқармасының басшысы Бадри Даһер: «Ливанның қауіпсіздік қызметтері Бейрут айлағында жарылғыш заттардың жарылу қатері туралы Саад әл-Харири үкіметіне сан рет ескерту жасаған, алайда олар бұл мәселеге көңіл бөлмеді»,-деді. Басқа сөзбен айтқанда, 2750 тонна аммоний нитраты сақталған қойма Саад әл-Харири үкіметі кезінен қалған.

Ливандағы қазіргі бүлікшілердің мақсатының Хассан Диабтың үкіметін құлату екенінде күмән жоқ. Бұл мақсат Диаб үкіметі құрылған алғашқы күндерден бастап оппозиционерлердің басты басымдығына айналды. Соңғы күндердегі шерулерге дейін Диаб үкіметіне қарсы екі шеру өтті. Бірінші шеру 21 қаңтар күні кешке Хассан Диабтың ел Парламентінен Премьер-министр ретінде сенім дауысын алған кезде басталды. Ливанда үкіметке қарсы шерудің екінші кезеңі 2020 ғасырдың наурыз айының аяғы мен мамыр айының басында өтті. Алайда өткен шерулер Диаб үкіметінің таратылуына себеп болмады.

Оппозиционерлер енді Диаб үкіметіне қарсы екі шара қолдануда. Сонда Премьер-министрдің отставкаға кетуіне және Министрлер кабинетінің таратылуына жағдай жасалады. Бірінші шара – наразылықтарды қатігездіктерге айналдыру арқылы Ливанның ішкі қауіпсіздігіне қатер төндіру, маңызды мемлекеттік кеңселер алдында шеру өткізу, министрліктердің ғимараттарына шабуыл жасап, кеңселерді бақылауға алуға тырысу. Бұл жағдай Ливан армиясының бүлікшілерге қарсы тұруына, соның салдарынан қақтығыстар күшейіп, адам шығыны мен жарақатының көбеюіне алып келеді. Бүлік пен қатігездік көбейген соң Хассан Диаб мерзімнен бұрын парламенттік сайлау өткізуге ұсыныс жасады.  

Екінші шара – министрлерге отставкаға кетуге қысым жасау. Осы уақытқа дейін  Ливанның Сыртқы істер министрі, Байланыстар және Қоршаған орта министрлері қызметтерінен кетті. Мұнымен бір мезгілде Парламент өкілдерінің бірқатары отставкаға кетті. Бұған қарамастан, бұл тәсіл Диаб үкіметіне қысым жасауға тиімді болмады, өйткені кейбір министрлер ресми түрде қысымдарға қарамастан, лауазымдарын тастап кетпейтіндерін,  міндеттерін атқара беретіндерін мәлімдеді. Ливанның Еңбек министрі Ламия Ямин мен Өнеркәсіп министрі Имад Хабаллах: «Үкімет берік те мығым, сондықтан халық алдында өз міндеттерін атқара береді»,-деді.  

Тегтер

Сараптама