Там 11, 2020 18:31 Asia/Almaty

Әлеуметтік желілерде таралған видеода ливандық азаматтың Al-Arabia арнасының тілшісіне қатаң жауап бергені көрсетілген.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Бейрут айлағында жарылыс болғалы бері іріткі салумен айналысып, Хизбуллаға қарсы ақпарат тарата бастаған Al-Arabia саудиялық телеарнасы қаланың әш-Шоһада алаңында ливандық азаматтың қатаң қатынасына ұшырады.

Бір ливандық азамат Al-Arabia камерасының алдына тұра қалғанда тілші Хизбуллаға қарсы ойын айтар деген үмітпен одан сұхбат ала бастады, алайда әлгі азамат: «Сіздер біздің елімізге іріткі салып жатырсыздар. Сіздер ақпарат тарату арқылы біздің ұлттық қауіпсіздігімізді нысанаға алып отырсыздар. Сіздер (Al-Arabia) Ливанға қарсы қастандық жасап жатырсыздар. Сіздерге істеріңізді жалғастыруға рұқсат бермейміз. Бұл жер – азаттық үшін жан қиғандардың алаңы. Біздің Отанымызға қарсы әрекет ететін адамға бұл алаңға кіруге рұқсат жоқ»,-деді.  

Сараптама