Қыр 13, 2020 21:24 Asia/Almaty
  • Түркияның рейтингі тағы түсті

Moody’s агенттігі Түркияның рейтингін тағы түсірді.

Рейтинг саласындағы халықаралық мекеме саналатын Moody’s агенттігі Түркияның ұлттық валютасының ұзақ мерзімді деңгейін В1-ден бір саты төмендетіп, В2 деп белгілеп, оның перспективасын теріс деп бағалады. Moody’s халықаралық агенттігі Түркияның ұлттық валютасы құнының төмендеу себебін шетелдік қарыздарды төлеуде дағдарыстың пайда болуы, геосаяси қатер және төлем таразысындағы қауіптер деп мәлімдеді.

Халықаралық рейтинг анықтау институттары Түркияның рейтингін алғаш рет түсіріп отырған жоқ. Түркияның экономикалық жағдайына шолу жасағанда бұл елдің рейтингісінің төмендеуінің 2014 жылдың орта шенінен басталғанын көруге болады. Шын мәнінде ішкі істерде қате саясат қабылдау және көршілес елдердің ішкі ісіне араласу саясатын ұстану Түркияда қазіргі дағдарыстың туындауына және ел рейтингісінің одан ары әлсіреуіне басты себеп саналады. 2002 жылы Түркияда Режеп Тайып Ердоған бастаған «Әділет және даму» исламистік партиясының билік басына келгенінен кейін елдің экономикасы он жылдан аз уақыттың ішінде алғаш рет бұрын‑соңды болмаған гүлденуді бастан өткерді. Бірақ 2011 жылдан бастап Түркия экономиксының гүлдену үдерісі баяулап, 3 жылдың ішінде ел экономикасы ауыр дағдарысқа ұшырады. Түркияның рейтингі төмендегеннен кейін елдің ұлттық валютасының басқа халықаралық валюталар, әсіресе еуро мен долларға қатысты курсы түсіп кетті. Осыған байланысты Moody’s агенттігінің сарапшысы Кристин Линдо есеп дайындап: «Түркия үкіметінің экономика саласындағы саясаты қысқа мерзімді мақсаттарды көздеп, экономикалық реформалар мен валюталық саясатқа әсер етті»,-деді.

Өткен 5 жылда Түркияның ұлттық валютасының (лир) құны басқа халықаралық валюталармен салыстырғанда 7,5 пайызға төмендеді. Шындығында Moody’s агенттігінің Түркияға қатысты жаңа рейтингі жарияланғаннан кейін лирдің құны еуро мен доллармен салыстырғанда тағы да төмендейді деп болжанып отыр. Бұдан бұрын да лирдің құны төмендегеннен кейін Fitch Rating’s  агенттігі Түркияның қаржы институттары мен кредит мекемелерінің өтемпаздығына төнген қатерлерді ескеріп, осы елдің 25 банкінің деңгейін ұзақ мерзімде теріс деп мәлімдеді. Шын мәнінде осы болжамнан бір жыл өтпей жатып, Түркияның банктері осындай қиыншылыққа душар болды.   

Түркия үкіметі мен халқын қыспаққа алған қазіргі экономикалық дағдарыс туралы қорытындыласақ, жұмыссыздық деңгейінің артуы өткен 7 айда жұмыссыздықтан сақтандыру полисіне өтініш берген адамдар санының 1 млн адамнан асуына себеп болды. Осы жағдайда коронавирустың таралуы мен ауыр медициналық шығындардың таңылуына байланысты  туристер санының азаюы және Жерорта теңізінде кейбір еуропалық елдермен текетірес Түркияны қолайсыз әрі бұлыңғыр саяси-экономикалық жағдаймен бетпе-бет келтірді.   

Тегтер

Сараптама