Қыр 18, 2020 19:26 Asia/Almaty
  • Жуырда Иран мен Түркия арасында әуе рейсі қайта жанданады

Түркияның Тасымал министрі Иранның Түркиядағы елшілігімен кездесуінде: «Жуырда денсаулық сақтау ережелері негізінде екі ел арасында коммерциялық және жолаушы тасымалдау рейстері қайта ашылады»,-деді.

Иранның Түркиядағы елшісі Мұхаммед Фаразманд бүгін Түркияның Тасымал министрі Әділ Қара Исмаилоғлымен кездесіп, екі ел арасында құрлық, әуе және темір жол тасымалының әлеуетін арттыру жолдары туралы сұхбаттасты. Сондай-ақ, қазан айында денсаулық сақтау ережелері негізінде әуе рейстері қайта жанданады деп жоспарлануда.

 

Тегтер

Сараптама