Қыр 30, 2020 15:37 Asia/Almaty
  • Насролла: Сардар Солеймани мен Абумаһди әл-Моһандеске қарсы террордың мақсаты ДАИШ-ты жаңғырту болды

Ливан Хизболласының бас хатшысы сейсенбі күнгі сөзінде америкалық лаңкестердің Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы күштері қолбасшысы Қасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандесті өлтірулерінің мақсаты ДАИШ-ты жаңғырту болғанын мәлімдеді.

 

Сейед Хасан Насролла АҚШ-тың сардар Солеймани мен Абумаһди әл-Моһандеске қарсы террорын іске асырғаннан кейін ДАИШ лаңкестік тобын жаңғыртуды бастағанына тоқталып: «АҚШ-тың ДАИШ-ты қайта жаңғыртуының мақсаты – өз күштерінің аймақта қалуын ақтау»,- деді. Ливан Хизболласының бас хатшысы сөзінің жалғасында Францияның Ливанның ішкі істеріне араласуына назар аудартып: «Франция ливандықтардың елдің көпшілігін шеттетіп, билік басына аз сандыларды әкелгенін қалайды»,- деп айтты.  Насролла сондай-ақ Тунис пен Алжирдің сионистік режиммен қатынасты қалыптандыруды қабылдамағандарына ризалығын білдіріп: «Сионистік режиммен қатыасты қалыптастырғандар есептерінің қате болғандарын көп ұзамай түсінеді және келешек мұны дәлелдейді»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама