Қар 23, 2020 17:43 Asia/Almaty

Йемен армиясы мен халық комитеттерінің ақпарат өкілі Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы Aramco компаниясының мұнай тарату станциясына зымырандық шабуыл жасалғанын хабарлады.

 

 

Яхья Самидың мәліметінше, Йемен армиясының зымыран бөлімі Джиддадағы Aramco компаниясының мұнай тарату станциясын «Quds 2» қанатты зымыранымен нысанаға алды. Йемен армиясының ақпарат өкілі: «Бұл әрекет Йеменге қарсы шабуылдар мен елдің қоршауының жалғасуына жауап ретінде, сондай-ақ Йемен қарулы күштерінің бірнеше күн бұрын Сауд Арабиясына қарсы  ауқымды операция жүргізу уәдесі бойынша жүзеге асырылды»,- деді.