Қар 26, 2020 15:49 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Парсы шығанағы маңындағы елдермен бауырластық қарым-қатынаста

ИИР Президенті Теһран мен Доха қарым-қатынасын достық қалыпта даму үстінде деп сипаттап: «Иран Парсы шығанағы маңындағы елдермен бауырластық қарым-қатынасты сақтап, диалог арқылы түсіністікке келуді қалайды»,-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке шейх Тамим бен Хамд Але Санимен телефон арқылы  сұхбатында сионистік режимге жол ашып берудің аймақта тынышсыздық пен тұрақсыздықтың туындауына себеп боларын айтып: «Кейбір көршілердің өз қауіпсіздігін қылмыскер сионистік режиммен байланыстыратынына шынымен қайран қаламын. Ал бұл режим – негізі бүкіл аймақ пен ислам елдерінің жауы»,-деп еске салды.

Қатар әмірі аймақтағы кейбір елдердің жауапсыз қатынастарына тоқталып,  Иранның  Парсы шығанағы маңындағы елдермен барлық салаларда, әсіресе аймақ суларының қауіпсіздігі саласындағы әріптестігінің одан ары дами түсетініне үміт білдірді.  

Тегтер