Қар 26, 2020 19:00 Asia/Almaty
  • Израильде кабинетішілік қайшылықтар күшейді

Израильдің Министрлер кабинетіндегі қайшылықтар әлі күнге дейін жалғасуда.

Сионистік режим 2018 жылдың қараша айынан  2020 жылдың наурыз айына дейін саяси тығырыққа ұшырады.  Бір жылда үш рет сайлау өткізілсе де, бір саяси ағым басым орынға ие болып, Израильдің жаңа кабинетін құра алмады. Ақырында коронавирус таралғаннан кейін Израиль Премьер-министр әрі Ликуд партиясының төрағасы Беньямин Нетаньяху «Кахоль Лаван» партиясының басшысы Бени Ганцпен 18 айда айналып отыратын премьер-министр сайлап, кабинет құруға келісті.  

Израильдің қазіргі кабинеті 2020 жылы мамыр айында құрылған кезінен бері көптеген түйткілдерге ұшырады. Солардың ең маңыздысы өзара сенімсіздік және кабинет ішіндегі алауыздық болды. Шын мәнінде кабинет құрылған күннен бастап Нетаньяху мен Ганцтың арасында жеткілікті сенім болмады. Ганц пен «Кахоль Лаван» партиясындағы оның серіктері Нетаньяхудың билікке жабысып алу әдетін ескеріп, 18 ай өткен соң премьер-министрдің орнын бермеу қою ықтималына алаңдаулы.  

Нетаньяху Министрлер кабинетінде атқарған шаралардан кейін осы сенімсіздік одан ары арта түсті. Бюджет – Нетаньяху мен Ганц арасында әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан басты қайшылықтардың бірі. Нетаньяху тіпті БАӘ мен Бахрейнмен қарым-қатынасты қалыптандыру келісімі сияқты маңызды мәселелерді кабинеттегі Ганц және оның одақтастарымен талқыламады. Нетаньяху Ганцқа Сауд Арабиясына сапар туралы да айтпаған деседі.

Израильдің Министрлер кабинетіндегі алауыздық Премьер-министр мен кабинет мүшелері арасындағы қайшылықпен шектелмейді. Соңғы кездері Премьер-министр мен Израиль армиясы ортақ штабының басшысы арасындағы қайшылық жөнінде ақпарат тарады. Нетаньяху Израиль армиясы ортақ штабының басшысы Ави Кухавиге сенбейтін көрінеді. Және маңызды қауіпсіздік  мәселелерінде осы әскери басшының пікірімен санаспайды. Тараптар арасында басты қауіпсіздік  мәселелерінде ешқандай әріптестік байқалмайды.

Қорытындылай келгенде, АҚШ-та Дональд Трамптың билігі аяқталып, Джо Байден билік басына келгеннен кейін Нетаньяхудың Израиль билігіндегі позициясы әлсірейтін сыңайлы.  

Тегтер