Сауд режимі Катиф қаласындағы мешітті қиратуды бұйырды
Жел 01, 2020 19:50 Asia/Almaty
Сауд режимі қаланы дамыту жобаны сылтауратып, Сауд Арабиясының шығысындағы Катиф облысында имам Хұсейн (ғ.с.) атындағы мешітті қиратуды бұйырды.
Сауд Арабиясындағы адам құқығы белсендісі Адел әл-Саид Twitter-де: «Катиф облысының әл-Авамие қаласында орналасқан имам Хұсейн (ғ.с.) атындағы мешіт кезінде Сауд Арабиясының күрескері, діни қызметкер, шәһид Нимр Бақер әл-Нимр намаз оқыған мешіт. Сауд режимі шейх Нимрді еске салатын кез келген нрәсені жойғсы келеді»,- деп жазды.
Шейх Нимр әл-Нимр, Сауд үкіметін сынаған Сауд Арабиясының шиіт діни қызметкері, 2015 жылдың 16 қазанында саудиялық соттың шешімімен оған өлім жазасы іске асырылды.