Қаң 25, 2021 23:55 Asia/Almaty
  • АҚШ Сирияның мұнайы мен бидайын ұрлап жатыр

Сирияның әл-Хаске облысының шығысындағы әс-Суидие ауылының жергілікті дереккөздері: «Жексенбі күні басқыншы америкалық күштерге тиесілі техникалық жабдықтар мен азық-түлік тиеген 45 жабық жүк көлігі мен тоңазытқышы бар бір көліктен тұратын керуен әл-Валидтегі заңсыз өткелден өтіп, Ирак жеріне кірді. Бұл керуен Сирияның әл-Джазира ауданындағы АҚШ-тың әскери базаларын қамтамасыз етеді»,-деп хабарлады.

Сирияның ресми ақпарат агентігінің жергілікті дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, басқыншы америкалық күштерге тиесілі 70-ке жуық жүк көлігі, 1 танкер мен 1 тоңазытқышы бар көлік және Сирияның демократиялық күштеріне тиесілі бірнеше әскери көлік әл-Валид өткелінен өтіп, Сириядан көп көлемде ұрланған мұнай мен бидайды Ирак жеріне тасымалдады.  АҚШ Иракта осы мұнай мен бидайды сатып, Сирияда өзінің жоспарларын орындайтын лаңкестерге қолдау көрсетіп отыр.  

Тегтер