Ақп 28, 2021 21:26 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні өзінің ирактық әріптесі Фуад Хұсейнмен кездесуінде Иранның Иракта тұрақтылықтың сақталуын қолдайтынын баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Зариф Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-тың Ирак пен Сирияның шекаралық ауданындағы ирактық күштерге шабуыл жасағанын айыптап, бұл заңсыз шабуылдарды бір елдің егенмендігін бұзу деп атады.  

Ол Ирак жеріндегі кейбір шабуылдар мен оқиғаларды күмәнді деп атап, бұлардың Иран мен Ирактың қарым-қатынасына сызат түсіру және Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын бұзу мақсатында жобаланғанын айтты.

Ирактың Сыртқы істер министрі осы кездесуде Бағдадтың Теһранмен қарым-қатынасын одан ары дамытуға дайын екенін мәлімдеді.  

Тегтер