Нау 02, 2021 15:31 Asia/Almaty

Йемен қарулы күштері ақпарат өкілі Сауд Арабиясы жеріне кең айқымды шабуыл жасалғаны туралы жариялағаннан кейін Al-Alam Al-Harbi Йемен филиалының веб-сайты «Зулфақар» зымыранының Риядқа атылған сәтін көрсететін видеоны жариялады.

Бригада генералы Яхья Сари «Зулфақар» баллистикалық зымыранымен және тоғыз «Самад 3» ұшқышсыз ұшағымен  Сауд Арабиясының астанасы Риядтағы маңызды нысандардың нысанаға алынғанын жариялады. Сауд Арабиясы Йемен әскерлерінің Джизан аймағында жасаған зымырандық шабуылын растап,  бұл операцияның салдарынан бес адамның жарақат алғанын мәлімдеді.