Сәу 11, 2021 18:09 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы Иракқа іссапармен барды

Ислам діні мазхабтық және идеологиялық қайшылықтарды жойып, діни ортақтықтар аясында бірлесіп, адамзат баласын құтқарып, бақытқа жеткізуге болады деп санайды.

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы Хамид Шахрияри сенбі күні Иракқа сапарында осы стратегиялық маңызды принципті қуаттай келіп, өзара интеграция жолдарын нығайту үшін осы ел мұсылмандарының түрлі топтарымен кездесіп, жиналыс өткізді.

Осы сапарда Ирактың сүннит тайпалары басшылары мен үлемдерімен діни жақындасу мақсатында бірнеше кездесу өтті.  

Хамид Шахрияри Бағдадқа барар алдында Кербала мен Наджафқа іссапармен барып,  Ирактың шиіт және сүннит үлемдерімен жиналыстар өткізді.  Соның ішінде Ирак үлемдері жамағатының басшысы шейх Халед әл-Маламен кездесті.

Хамид Шахрияри осы кездесуде сионистік режимнің Ислам үмбеті мен исламдық құндылықтарға қарсы қастандықтарына тоқталып, ислам әлемінің ауыр қауіп-қатерлерге ұшырап отырғанын айтып, осы қатерлерді жойып, қиыншылықтарды шешу үшін барша мұсылмандардың, әсіресе ислам үмбеті үлемдерінің бірлесе әрекет ету керектігін айтты.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өз баяндамасында мұсылмандардың бірлігін бұзатын факторлар мен ағымдарды түсіндіре келіп, "аймақ елдері арасында қайшылық тудыру", "ислам елдеріне саяси-экономикалық және мәдени ықпал ету" және "мұсылмандар арасына іріткі салу саясатын" осы саладағы басты ағымдар деп атады.  

Осындай бүлдірді ағымдардың айтарлықтай бөлігі саудиялық ваххабизм мен тәкфиршіл идеология қалыбында таралды. Мұндай жалған идеология ислам елдерінде соғыс отын тұтатып, қатігездікке ұрындыру үшін қолданылады. Осындай бүлдіргі үдеріс – шын мәнінде Батыс Азияда, яғни залым Израиль режимі таңылған аймақта болған отарлау дәуірінің сұрқия мұрасы. Сол себепті ислам әлемі бүгінде басқа кезден көбірек өзара бірлікті нығайтуды қажет етеді. Осы салада ислам әлемінің саясаткерлері мен ойшылдарына ауыр міндет жүктеліп отыр.