Maм 10, 2021 00:57 Asia/Almaty
  • Исмаил Хания Ислам революциясының жетекшісіне Құдс оқиғалары туралы хат жазды

Хамас қозғалысы саяси кеңсесінің басшысы Ислам революциясының жетекшісіне жолдаған хатында басып алынған Құдста болып жатқан оқиғалар мен өзгерістерді баяндай келіп, ислам әлемінен Құдс тұрғындарын қолдауға қатысты кесімді ұстаным білдіріп, израильдік басқыншылардың қылмыстарын тоқтатуды талап етуін сұрады.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауынша, Исмаил Хания сенбі күні аятолла Хаменеиге хатында: «Сионистердің Құдс, Баб-ул-Амуд және Шейх-Джаррах аудандарына шабуылы және әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіруі – сионистік режим басшыларының қалашық салуды заңдастыруға тырысып, палестиналықтарды көшіріп, үйлерін тәркілеп, әл-Ақса мешітіне сағат пен орын белгілеу және оны басқару жағдайын өзгерту үшін жасап жатқан талпыныстары»,-деді.

Исмаил Хания ислам әлемінен сионистік режимнің қылмыстарына қарсы кесімді ұстаным білдіріп, сионист дұшпанды Палестина халқы мен Құдстағы қасиетті жерлер, әсіресе әл-Ақса мешітіне айуандық шабуыл жасаудан тежеу үшін араб елдерінің ұстанымдарын бір ортаға тоғысырып, исламдық және халықаралық дипломатияны тез арада жұмылдыруды сұрады.

Тегтер