Шіл 22, 2021 15:33 Asia/Almaty

Ақпарат құралдары бір америкалық тікұшақтың Сирияның солтүстік-шығысында орналасқан әл-Хаске қаласындағы бір үйге шабуылынан 3 адамның қаза болғанын хабарлады.

Сирияның ресми ақпарат агентігінің хабарлауынша, бұл америкалық тікұшақ әл-Хаске қаласының шығысында орналасқан Джамус ауылындағы бір тұрғының үйін АҚШ-қа бағынышты күрд демократиялық күштері қоршауға алғаннан кейін нысанаға алды.

Осы мәліметке сәйкес, шабуыл салдарынан 3 адам қаза тауып, бірқатар адам жараланды.    

АҚШ-тың Сириядағы білегі ретіндегі ДАИШ лаңкестік тобы жеңіліске ұшырағаннан кейін америкалық күштер осы топтың тікелей орнын басып, ДАИШ-тың орнына «Қасад» күштерімен әріптесіп, Сирияның мұнайын өндіріп, ұрлауға кірісіп, халықты қырып-жоюды жалғастырып жатыр.    

Тегтер