Шіл 22, 2021 17:31 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Aramco мұнай компаниясына кибер шабуыл жасалғаны расталды

Сауд Арабиясының Aramco мұнай компаниясы өз сайтының бір бопсалаушы бағдарлама тарапынан шабуылға ұшырап, мағлұматтардың виртуалды кеңістікте жарияланғанын растады.

Al-Jazeera ақпарат арнасының бейсенбі күні хабарлауынша, Сауд Арабиясының Aramco мұнай компаниясы мәлімдеме жасап: «Үшінші тараптардың жүйесіне ену арқылы осы компанияның мағлұматтары ұрланды»,-деп хабарлады.

Associated Press ақпарат агентігінің бұдан бұрын хабарлауынша, Aramco мұнай компаниясының 1 Тбайттан аса мәліметі хакерлер тарапынан ұрланған. Олар мәліметтерді жарияламаудың есесіне  Aramco мұнай компаниясынан 50 млн доллар талап еткен.