Шіл 24, 2021 20:26 Asia/Almaty
  • Израильдің Pegasus тыңшылық бағдарламасы

Израиль тыңшылық компаниясының бас директоры: «Бұл әшкереленулердің артында Қатар мен сионистік режимге қарсы бойкот жариялаған науқаны тұр»,- деп мәлімдеді.

Сенбі күні Аль-Кудс әл-Арабидің хабарлауынша, Израильдің NSO тыңшылық компаниясының бас директоры Шалев Хулио: «Қатар мен Израильге эмбарго жариялаған кампания Израильдің технологияларды экспорттауын қаламайды»,- деді. Шалев Хулионың айтуынша, компаниясы Pegasus қолданатын үкіметтер тарапынан  хакерленген ұялы телефондар туралы біле алады», - деді. Жаңалықтар көздері соңғы күндері Pegasus компаниясының кейбір елдердегі, әсіресе араб әлеміндегі басшылардың  50000 ұялы байланыс желісін бұзғанын әшкереледі. Emirates Lex сайты да: «Біріккен Араб Әмірлігінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Тахнун бин Зайед Pegasus зиянды бағдарламасының жанжалы әшкереленген соң ұстанымдарын үйлестіру үшін NSO-мен әртүрлі байланыс орнатты»,- деп әшкереледі.

 

Тегтер