Қаз 01, 2021 16:58 Asia/Almaty
  • Сардар Пакпур: Аймақтағы кез келген геосаяси өзгеріс – Иранның қызыл сызығы

Сақшылар корпусы Құрлық күштерінің қолбасшысы: «Көршілес елдермен шекараларда болуы мүмкін кез келген өзгерістің алдын алу – ИИР-ның байсалды стратегиясы»,-деді.

Сардар Пакпур: «Иран мен дос-көршілес елдер арасындағы шекаралардың қауіпсіздігі – бір-бірімен тығыз байланысты тақырып. Иран үшін бұл мәселенің маңызы зор»,-деді.

Сақшылар корпусы Құрлық күштерінің қолбасшысы: «Иран айналасындағы елдерде қауіпсіз кеңістік қалыптасады деп күтеді. Сионистік режим сияқты бөгде элементтің мұсылман халықтарына қастандық пен дұшпандық ойлайтыны жасырын емес. Олар көршілердің территориясын өздерінің сұрқия мақсаттарын орындайтын жерге айналдырмауы керек»,-деп қуаттады.

Тегтер