Қаз 02, 2021 20:56 Asia/Almaty
  • 2000 жылдың 1 қазанынан 21 жыл өтті; Әл-Ақса Интифазасынан палестиналықтар үшін сабағы

Әл-Құдс Интифазасының 21 жылдығында Палестина халқы шеруге шығып, Құдсты басып алушы режимнің саясаты мен қылмыстарын айыптады. Израиль әскерилері наразылық білдіруші палестиналықтарға қарсы шабуыл жасап, ондаған адамды жарақаттады. Аптаның бойында 8 палестналық шәһид болды.

Әл-Ақса Интифазасы 2000 жылдың 1 қазаныңда басталып, 2005 жылдың 8 ақпанында Шарм әл-Шейхте атысты тоқтату келісімге қол қойылғанша жалғасты. 4 жыл 4 ай ішінде 3712 палестиналық шәһид болды және ондаған мың адам жараланды. Бірақ палестиналықтар сионистік режимге қарсылықтан ешқашан бас тартқан жоқ, сонымен қатар қарсылықтары жылдар бойы күшейе түсті.  2005 жылы Әл-Ақса Интифазасы аяқталғаннан бері мыңдаған палестиналықтар шәһид болды, он мыңдаған адам жараланды және қамауға алынды, бірақ олар қарсылық көрсетуін тоқтатпады. Бұл палестиналықтардың қарсылыққа сенуінің нақты белгісі болып табылады. Қарсылықтың күшейунің белгісі - соңғы 11 күнге созылған соғыс. Бұл соғыста Газа секторынан басып алынған жерлерге қарай  4000-нан астам зымыран атылды. Олардың 85 пайызы Израильдің қорғаныс жүйесінен өте алды. Израиль режимінің әуе-қорғаныс қолбасшысы «Темір күмбез» жүйесінің әлсіздігі мен тиімсіздігін мойындады. Егер әл-Ақса Интифазасы 4 жыл 4 айға созылған болса, Палестина қарсылығына қарсы Израильдің соңғы соғыстары бірнеше күннен кейін аяқталды.

Интифаза палестиналықтарға өз жері мен жеке басын қорғау үшін әскери жағынан күшті және ешбір елге тәуелді болмауы керек екенін дәлелдеді. Бұл сенім уақыт өткен сайын күшейе түсті, өйткені Палестинаны қолдаймын деген араб елдері Израиль режимімен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру жолына түсті.  Палестиналықтар әл-Ақса Интифазасының 21 жылдығын тойлап жатқанда, Бахрейн мен әл-Халифа режимі Израиль сыртқы істер министрі Яир Лапидті қабылдады.

Қорыта келгенде, Израильдің палестиналықтарға қарсы қылмыстары тек белгілі бір адаммен шектелмейді және Израиль басшысының ауысуымен зорлық-зомбылық деңгейі төмендейді деп айтуға болмайды. Барлық израильдік басшылар палестиналықтарға қарсы зорлық пен басқыншылыққа сенім артады. Премьер-министрлік кезінде әл-Ақса интифазасы басталған Эхуд Барак, Ариэль Шарон, Эхуд Ольмерт, Бениамин Нетаньяху мен Нафтали Беннеттің айырмашылығы жоқ.

 

Тегтер