Қаз 14, 2021 22:30 Asia/Almaty
  • Иран Израильге есептеуде қателесіп, авантюраға ұрынбауын ескертті

Иранның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік басшысына жазған хатында: «Израиль режимінің Иранға қарсы ықтималды әскери авантюрасы мен кез келген қате есебіне, соның ішінде оның ядролық бағдарламасына қатысты ескертеді»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджид Тахтраванчидің сәрсенбі күнгі хатында: «Өткен айларда Израиль режимінің арандатушы және авантюралық қоқан-лоққыларының саны мен қуаты үдей түсіп, алаңдайтын деңгейге жетті»,-делінген.

Мұның соңғы үлгісі Израиль армиясы штабының басшысы тарапынан жасалды. Ол: «Иранның ядролық бағдарламасына қарсы іс-қимылдарға қатысты жобалар кеңейтіліп жатыр. Иранның түрлі салаларындағы қарым-қабілетін жоюға бағытталған іс-әрекеттер ұдайы жалғасатын болады»,-деп деп сес көрсетті.

Тахтраванчи: «Израиль режимінің аймақты тұрақсыздандыру тәсілдерінің сұрқия тарихын және Иранның ядролық бағдарламасына қарсы жасаған жасырын әрекеттерін ескеріп, бұл режимге барлық қоқан-лоққылары мен бүлдіргі әрекеттерін тоқтату үшін қатаң қатынас көрсетілуі тиіс»,-деді.  

Тегтер