Қаз 15, 2021 16:29 Asia/Almaty
  • Иран Ливанда тұрақтылық пен тыныштықты сақтау қажеттігін қуаттады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ливанда тұрақтылық пен тыныштықты сақтау қажеттігін қуаттады.

Бейсенбі күні Бейрут айлағындағы жарылыс ісін қараушы Тарак Битардың ісіне наразылық білдіріп, осы елдің Әділет сарайының алдына жиналған Ливан халқына қарсы кенеттен қарулы адамдар тарапынан оқ атылды.  Осы шабуылда 7 ливандық қаза тауып, 60-тан аса адам жараланды.  

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран Ливанда тұрақтылық пен тыныштықты сақтау қажеттігін қуаттай отырып, бұл елдегі өзгерістерді жіті бақылап отыр»,-деді.

Хатибзаде: «Ливан үкіметі, армиясы мен халқы осы елдің қарсыласу қозғалысының жанынан табылып, бұрынғыдай онымен бірлесе сионистік режимнің арандатушылығынан сәтті өтеді»,-деді.

Тегтер