Қаз 19, 2021 14:31 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насролла: Бейруттағы бейсенбідегі оқиғалар қауіпті және ерекше болды

Ливан Хизболласының бас хатшысы елде дүйсенбідегі оқиғаларды маңызды және қауіпті деп сипаттап: «Бұл оқиғаларға ұстаным білдіру қажет», - деді.

 

Сейед Хасан Насролла Бейруттағы бейсенбі күнгі  Самир Джаджа  басқаратын «Ливан күштері» партиясына қатысы бар содырлар жасаған қылмысқа сілтеме жасап: «Ливанда Бейруттың оңтүстік маңындағы тұрғындарды үнемі қорқыныш пен алаңдауға салуға талпынатын партия бар»,- деді.

Бейсенбі күні таңертең Бейрут портындағы жарылыс ісінің тергеушісі Тариқ Битардың жұмысына наразылық білдіруші бірқатар ливандықтар сот ғимараты алдында жиналды. Кенеттен Самир Джаджа бастаған «Ливан күштеріне» қатыстылар оларға қарай оқ атты. Шабуыл кезінде кемінде 7 жазықсыз ливандық азамат қаза тауып, 60-тан астамы жараланды.