Қар 21, 2021 23:00 Asia/Almaty
  • Хамас басып алынған Құдста екі палестиналық жігіттің сионистерге қарсы әрекетіне реакция білдірді

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (Хамас) баспасөз өкілі: «Екі палестиналық жігіттің сионистерге қарсы әрекеті – сионистік режимнің басып алынған Құдста жасаған қылмыстарына табиғи жауап»,-деді.

SAMA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдуллатиф әл-Қану бүгін, жексенбі басып алынған Құдста екі палестиналық жігіттің сионистерге қарсы әрекетіне реакция білдіріп: «Мұндай амалдар Палестина халқының сионистік басқыншыларға қарсы революциясының жалғасып жатқанын және басқыншылардың палестиналықтарды жеңуге қауқары жетпейтінін көрсетеді»,-деді.

«Құдс» палестиналық арнасының хабарлауынша, екі адамның әл-Ақса мешітінің жанында жасаған әрекетінен кейін  4 сионистік әскери зақымданды. Олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, өліп кетуі мүмкін деп айтылады.  

Мәліметтерге сәйкес, «Бейтулмұқаддас» амалын орындаған екі палестиналықтың бірі сионистердің оғынан көз жұмса, екіншісі оқиға орнынан қашып үлгерді.

Тегтер