Қар 22, 2021 19:28 Asia/Almaty

Йеменнің астанасы Сана қаласының тұрғындары америкалықтарға қарсы шеру өткізді.

Шерушілер мәлімдеме жасап: "АҚШ-тың Йемен халқына қарсы ұстанымы бұл елде жағдайдың ушығып, халыққа қарсы қылмыс жасалуына, соның ішінде батыс жағалауда тұтқындардың дарға асылуына себеп болды",-деп баса айтты.

Мәлімдемеде: "Вашингтон саудиялық коалицияға саяси және қару-жарақ тұрғысынан қолдау көрсету арқылы Йемен халқына қарсы соғыс пен басқыншылықтың жалғасуына жағдай жасады",-делінген.