Қар 24, 2021 20:23 Asia/Almaty
  • БҰҰ сионистік режимнің Сирияға басып кіру бүліктерін жалғастыруына үнсіз қалуда

Сәрсенбі күні (бүгін) таң ата Сирия армиясының әуе қорғаныс жүйелері сионистік режимнің Сирияның орталығындағы Хомс облысына қарсы зымырандық шабуылына тойтарыс беріп, оларды анықтап, жарып жіберді.

 

Сирияның зымырандық жүйелерінің бұл тұрғыдағы қабілеті, өз алдына, бұрын-соңды болмаған жетістік болып, сионистік режим арасында алаңдаушылық пен үрей тудырды. Бұл тұрғыда назар аударарлық жайт, Израиль жойғыш ұшақтарының Ливан территориясы арқылы Сирия аумағына бұл басып кіруі БҰҰ-на мүше екі мемлекеттің егемендігін бұзу болып табылады. Сондықтан үнемі сионистік режимнің шабуылымен бетпе-бет келіп отырған   бұл екі ел өздерінің белгіленген міндеттеріне сүйене отырып, БҰҰ мен оның Қауіпсіздік Кеңесінен бұл мәселеге қатысты әрекет етуді ресми түрде сұрауға құқылы.  Сирия осы кезге дейін бірнеше рет Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ-на ресми хаттар тапсырып, сионистік режимнің шабуылдарын тоқтату үшін шара қолдануды сұрады. Бірақ бұл тұрғыдағы өздерінің жауапкершілігіне қарамастан, олар Сирия мен Ливанның талаптарын елемеді және өз үнсіздігімен режимге осы басқыншылықтарды жалғастыруға себеп болуда.  Бұл мәселеге қатысты айтарық келесі жәйт Батыс елдері мен халықаралық институттар мен аймақтағы араб режимдерінің жауапсыз үнсіздігі. Ливан министрінің бірі (Ақпарат министрі Джордж Кардахи) ресми жауапкершілікті мойнына алмас бұрын Сауд Арабиясының Йеменге басып кіруі туралы сөздеріне қисынсыз реакция жасап, БАҚ-та дау тудырғандар бүлікшіл режим тарапынан үнемі зорлық-зомбылыққа ұшырап отырған мұсылман араб елінің егемендігінің бұзылуына ешқандай реакция көрсетпейді және олар үнсіздігі немесе жасырын қолдауымен бұл Израиль режимін құптайды.