Қар 29, 2021 22:28 Asia/Almaty
  • Адам құқығын қорғау ұйымдары Сауд Арабиясында балалардың өлім жазасына кесілуін сынады

Халықаралық ұйымдар мен адам құқығын қорғау топтары, соның ішінде Адам құқығын бақылау ұйымы Сауд Арабиясында балаларды өлім жазасына кесу туралы үкімдердің әлі де шығарылып жатқанын сынады.

Al-Alam арнасының хабарлауынша, "Санад" құқықтық ұйымы дүйсенбі күні: "Әлемде Сауд Арабиясының балаларға қатысты жабайы қатынасын сынау жалғасып жатыр",-деді.

Бұл ұйым: "Сауд Арабиясы басшыларының өлім жазасы туралы үкімдердің өзгертілетіні туралы уәделеріне қарамастан, 18-ге толмаған Мұстафа Дарвиш  өткен шілдеде өлім жазасына кесілді",-деп еске салды.  

Саудиялық басшылар Мұстафа Дарвишті елдің қауіпсіздігіне қарсы қарулы әрекетке барып, қауіпсіздік күштерін өлтіру үшін лаңкестік банда құрып, арандату жасады деп айыпталып, өлім жазасына кесілді.

Тегтер