Қар 30, 2021 16:36 Asia/Almaty
  • Йемен Ансаролласының бас хатшысы Йемен халқын дұшпандардың айдап салуынан сақтандырады

Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы дұшпандардың түрлі сылтаулармен Йемен халқы арасында бүлік және іріткі салу арқылы үстемдік етуді көздеуін баса айтты.

Абдул Малик Бадруддин әл-Хоуси: «Әл-Байда облысын Сауд Арабиясы коалициясы бомбалап, халқы зардап шекті, бірақ олардың ұстанымы аймақты азат етуге көмектесті. Йеменнің әл-Байда облысында ынтымақтастықты, әлеуметтік бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік бар»,- деді.

Ансаролланың бас хатшысы 1967 жылы 30 қарашада Йеменнің тәуелсіздік алып, ағылшын басқыншы және әскери күштерінің елден шығарылғанына сілтеме жасап: «Бұл күн Йемен тарихында ағылшын отаршылдығының елден шығарылуынын жарқын беті болып табылады»,- деді.