Қаң 02, 2022 18:29 Asia/Almaty
  • Қарсыласу күштері

Газа секторының кейбір аудандары бомбаланғаннан кейін палестиналық ақпарат құралдары қарсыласу күштерінің сионистік режимнің шабуылдаушы тікұшақтарын нысанаға алу үшін "Сам-7" зымыранын атқанын хабарлады.

Әл-Ақса спутниктік телеарнасының хабарлауынша, Палестина қарсыласу қозғалысының әуе қорғаныс күштері Газа қаласының батыс жағалауына жақын жерде сионистік режимнің шабуылдаушы тікұшақтарына қарай екі зымыран атты.

Екі "Сам-7" зымыраны кеше кешке Газа секторын бомбалауға қатысқан израильдік тікұшақтарға тура атылды.

Кеше кешке сионистік режимнің әуе күштері мен артиллериясы Газа секторының солтүстігі мен оңтүстігінде қарсыласу күштерінің бірнеше базасы мен позициясына шабуыл жасады.

Сионистік режим армиясының баспасөз өкілі: "Израиль әуе күштері Тель-Авив жағалауына зымыран атылғанына реакция ретінде Газа секторын бомбалап жатыр",-деп уәж айтты.

 

Тегтер