Қаң 24, 2022 19:45 Asia/Almaty

Сирияның Хасака қаласында Күрд демократиялық күштері мен ДАИШ лаңкестері арасындағы қақтығыстардың жалғасында осы аймақтың күрдтері лаңкестердің енуіне тосқауыл қою үшін осы қалаға кіру жолдарын жапқанын хабарлады.

Russia al-Yaum ақпарат агенттігінің күрд дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Түркияның күрдтер тұратын аймақтың тұрақтылығын бұзып, оны ДАИШ-тің мекеніне айналдыруға бағытталған талпыныстары жеңіліс тапты.  

Қазіргі таңда  екі майданда қақтығыстар жалғасуда. Біріншісі – әс-Санаа түрмесінің ішінде. Оның басым бөлігі әлі ДАИШ-тың бақылауында. Екіншісі – Ғавиран зиратында. Ғавиран мен оның айналасындағы ғимараттарда ДАИШ-тың қашқын лаңкестері жасырынып жатыр.

Күрдтер мен  ДАИШ лаңкестерінің қақтығыстарында осы күнге дейін 160-тан аса лаңкес, 15 қашқын тұтқын мен 27 күрд қаза тапты.

Тегтер