Maм 12, 2022 14:55 Asia/Almaty

Ирактың Сулеймания облысындағы бір мейрамхана мен түнгі клубта болған жарылыс салдарынан 12 адам жараланды.

«Саберин Ньюс» ақпарат агенттігінің Ирактың Күрдістан аймағындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, мейрамханада газ жүйесі жарылған, бірақ басқалар мұны жоққа шығарып отыр.

Өртті ауыздықтау қиынға соққан жағдайда жарылыстың себебі жайлы қарама-қайшы ақпараттар тарады. Оқиғаның егжей-тегжейі әлі жарияланған жоқ.

 

Тегтер