Maм 14, 2022 17:53 Asia/Almaty

Ливан Хизболласының Бас хатшысы палестиналық журналист Ширин Әбу Ақланың басқыншы сионистік күштердің қолынан шәһид болуына байланысты көңіл айтып: «Бітімге келушілер Әбу Ақланың шәһид болғаны үшін ұялсын»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Хасан Насролла жұма күні «Сайлау конференциясында»: «Әбу Ақланың  шәһид болуы дұшпандардың қылмыстары мен Палестина халқының қысым көруін, қырылып жойылуын және адам құқықтарының бұзылуын көрсетті»,- деп мәлімдеді. Насролла Әбу Ақланың шәһид болуының ең күшті хабарының оның христиан екендігі екенін баса айтып, Израильдің қатыгездігі мен дұшпандығы Палестинадан Ливан мен Мысырға дейін өзгермегенін  қуаттады. Ливан Хизболласы  Бас хатшысы Израильмен бітімге келуші басшылардың Әбу Ақланың шәһид болғанынан ұялуы керектігін айтып, режимнің нәсілшілдік және адамгершілікке жатпайтын саясаттарының барлығына қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.